Мобильдік құрылғы мен компьютерде ойнауға арналған кемінде 200 000 ойын жиналған жоғары деңгейдегі каталогтен өзіңізге керегін таба аласыз.
Ойындар сатып алу үшін пайдалануға болатын Google Play ұпайларын1 жинаңыз және Points мүшесі ретінде айрықша бонустар алыңыз.
Ұнататын ойындарыңыз бен жеткен жетістіктеріңіз туралы жаңалықтар ыңғайлы "Сіз" қойындысында2 көрсетіледі.
Ойындар жинағын және прогресіңізді синхрондаңыз3. Сонда жол-жөнекей телефоннан немесе компьютерден ойнап жатсаңыз да, тоқтаған жеріңізден жалғастыра аласыз. Таңдаулы ақылы ойындарды бір рет сатып алсаңыз, оларды мобильдік құрылғыда да, компьютерде де ойнай аласыз.










Жанрларға бөлінген 200 000-нан астам ойынның ішінен әркімге лайықты ойын табылады. Ойынның сынақ нұсқаларымен4 жаңа ақылы ойынды тегін ойнап көріңіз. Толық ақпаратты осы жерден алыңыз.
Платформааралық ойындарды мына жерден қараңыз.
Google Play ұпайларымен келесі деңгейдің бонустарына қол жеткізіңіз. Бұл – Google Play-дің жеңілдіктерді және ойындағы элементтерді пайдалану үшін ұпайлар мен бонустар алуға мүмкіндік беретін сыйақы бағдарламасы. Қаншалықты Play ұпайларын алсаңыз, соншалықты марапаттарға, бонустарға және ақшамен сатып алу мүмкін емес элементтерге ие боласыз. Қазір қосылыңыз.1


"Сіз" қойындысының ортасында геймер профилі орналасқан. Мобильдік құрылғыда профиль белгішесін түрту арқылы "Сіз" қойындысынан геймер профиліне кез келген уақытта оңай ауыса аласыз. Мобильдік құрылғы мен компьютерде бір профильді пайдалансаңыз, ойындарыңыздағы статистикаңызды, серияларыңызды, ойын прогресін және жетістіктеріңізді оңай қадағалай аласыз. Әрбір жетістікті, әрбір жеңісті атап өте аласыз.


Gemini Live функциясы бар Google Play Games көмекшісі — ойыннан шықпай-ақ статистикалық деректерді, жетістіктерді және кеңестерді оңай көруге мүмкіндік беретін жаңа ойын серігі. Ойнап отырып, Gemini Live арқылы нақты уақыт режимінде әңгіме түріндегі нұсқаулар ала аласыз. Көмекші Google Play-ден жүктеп алынған ойындарды ойнағанда ғана істейді. Ол жақында мобильдік құрылғыларда шығады.
Google ұсынған қауіпсіздікпен мобильдік құрылғыда және компьютерде алаңсыз ойнаңыз. Деректеріңіз бен құрылғыларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Google Play біз ұсынатын әрбір ойынды 10 000 қауіпсіздік тексерісінен өткізеді.